A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік бағдарламалардың берері мол

238

Ауыл — алтын бесігіміз десек, сол бесігіміздің берекесі тірлікпен келері шындық.  Сондықтан да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бүгінгі күннің басты тақырыбын айналып отыр.

Бұл орайда Мойынқұм ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының және «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының берері мол болып отыр.

«Еңбек» бағдарламасының кәсіпкерлік бастамаларды несиелендіру бағыты (2-ші бағыт) бойынша ауданға 64 адамға  237,1 млн. теңге қаражат жоспарланған болатын.  Бүгінгі күнге мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 26 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама беріліп,  оның ішінде 15 азамат  55,2 млн теңге көлемінде кредит алды.

Биыл  111 адамға  61,4 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып, бүгінгі күнге 15 азаматқа 8,1 млн. теңге жеке шоттарына аударылып, кәсіптерін бастауға мүмкіндіктер жасалынуда.

Шағын несие, қайтарымсыз грант алған азаматтар нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жобаны қаржыландыруға 1387,0 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Барлық жоба жеңімпаздары анықталып, жұмыс басталып кетті. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылып отыр.  Жүргізіліп жатқан бағдарламлар аясында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған  862 жұмыссыздың 420 – сы белсенді шараларға тартылса,  қалған 462-сі тұрақты жұмысқа орналасып, ауданда жұмыссыздардың барлығын жұмыспен қамтуға қол жеткізіп отырмыз.

Тағы бір ауылшаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналанған бағдарламаның бірі – қарапайым заттар экономикасы деп аталатын пилоттық жоба да ауданда тыңғылықты жүргізілуде.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегі жерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу болды.

Жоба 5 бағыттан тұрады. Аталған жоба аясында 139 азамат ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, 415 бас мүйізді ірі қара, 922 бас уақ мал, 371 бас жылқы және 47,7 млн. теңгеге 11 дана ауылшаруашылығы техникаларын  алды.

Тұрғындарының әл-ауқатын арттыру пилоттық жобасын ары қарай жалғасыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда Бірлік және Қылышбай ауылдық округтеріне талдаулар жасалынып, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына қаражат бөлуге ұсыныс берілді.

«Дипломмен ауылға» жобасы 2010 жылдан бастап іске асырылуда. Жоба аясында ауылға жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен (ветеринария) мамандарына мемлекет тарапынан екі бағытта қолдау көрсетілуде. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бүгінгі күнге ауданда денсаулық сақтау (14 маман), бiлiм беру (15 маман), әлеуметтiк қамсыздандыру (4 маман), мәдениет (2 маман), спорт (2 маман) және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы (3маман), барлығы 40   маманға деген қажеттілік болжанған.

Ауданда аталған жоба іске асырылғаннан бері,  2010-2019 жылдар аралығында бағдарламаға қатысушы 228 маман  600 299,2 мың теңгеге жеңілдетілген бюджеттік несие алып, ауылдық елді мекендерде тұрақтанды.

Тек 2018-2020 жылдар аралығында ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 14 дәрігер келді.  Бұрын жетіспей келген педиатр, окулист дәрігерлер  осы бағдарлама бойынша келіп, жемісті жұмыс атқаруда.    Жалпы алғанда, осы бағдарлама бүгінгі күнге қажетті мамандар тапшылығын азайтуға мол септігін тигізіп отырғанын айтқым келеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.