Еліміздегі пандемияға байланысты жасалып отырған жағдайлар, беріліп отырған қаржылай көмектер, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қабылданған шаралар,үйлестіріліп жатқан азық түлік себеттері, қала берді коммуналдық қызметке төленетін ақылар – Шәкәрімше айтсам, «Бұл көмек басқа көмектен өзгерек!»
Қазақта «Бағалай білгенге бақ қонады» деген сөз бар, ендеше, барымызды бағалап, елінен бар көмегін аямаған Ел Ағаларына мың алғыс!
Елін сүйген, елі сүйген Елбасының сарабдал жолының лайықты жалғасы Президентіміздің бастамаларын қиын кезеңде қолғабыс көрген халқы қолдай береді, деп білемін!
Анар АХМЕТОВА,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары