Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында спорттың жазғы түрлерінен жарыс өтті. Турнирдің мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру.
Спорттың қашықтыққа жүгіру, футбол, қол күресі және гір тасын көтеруден өткізілген жарысқа мекемедегі сотталғандар белсене қатысты.
Ашық алаңда бақтарын сынаған сотталғандар спорттың жоғарыда аталған түрлерінен өз шеберліктерін байқатты. Жарыс нәтижесі бойынша өзгелерден оқ бойы озық шығып, үздік деп танылған жазасын өтеушілерге мекеме басшылығының атынан мадақтама берілді.