A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекемеде ревакцинация жұмыстары жүруде

500

Ағымдағы жылдың қараша айында ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Осыған сәйкес елімізде қайта екпе егі жұмыстары басталған еді. Құжатта КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жататын халықтың тәуекел топтары көрсетілген. Олардың қатарында күш құрылымдарының қызметкерлері де бар. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД/158-2 мекемесінде де ревакцинация жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда мекеме қызметкерлері мен сотталған азаматтарға қайта екпе салынуда. Бүгінді уақытқа дейін 85 жазасын өтеуші мен 15 қызметкер вакцина алды.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация алғашқы вакцинация курсы толық аяқталған соң 6 айдан кейін бір рет жүргізіледі. Ревакцинация кезінде вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцинаны салу (инактивтендірілген вакцина, векторлық вакцина, м-РНҚ вакцинасы) ұсынылады. Сонымен бірге, вакцинацияның алғашқы курсында қолданылған вакцинаны қайтадан салдыруға да рұқсат.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.