A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекемеде күзгі спартакиада өтті

387

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде бекітілген мәдени- спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында күзгі спартакиада өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Спорттық шара барысында сотталғандар кіші футбол, қол күресі, гір тасын көтеру және арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысыбойынша сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, бірнеше қылмыс жасаған және ауыр қылмысты қайта жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. 

«Мекеме басшылығы жазасын өтеуші азаматтарды темір торда телміртіп отырғызбай уақытын тиімді түрде өткізуді ұтымды пайдаланып отыр. Бұл жазасын өтеуші азаматтардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеудің бірден-бір жолы», – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.