A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекеме аумағына түйіншек лақтырмақ болған

196

Таразда түзеу мекемесінің қабырғасынан түйіншек лақтырмақ болған азаматтар қолға түсті. Оқиға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде болған.

5 мамыр күні түнгі сағат 16:40 шамасында мекеменің жедел бөлімі қабырға маңында жүрген күдікті адамдарды байқап, бұл туралы жедел хабар берген. Нәтижесінде, 1999 жылы туған А.К. және В.А. есімді Тараз қаласының тұрғындары қолға түсті. Тінту барысында олардан жабысқақ лентамен (скотч) оралған, домалақ пішінді 4 түйіншек табылған. Олардың ішінде өсімдік тектес, өзіндік иісі бар жасыл зат болған. Ұсталған азаматтар бұл түйіндерді мекеменің негізгі қабырғасынан асырып ішкі аумағына лақтырмақ болған.

Аталған жағдай туралы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне, прокуратураға және ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне хабар берілген. Сондай-ақ, Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінен кезекші тергеу-жедел тобы шақыртылған.

Дәурен Қуаныш,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі режим бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.