A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекеме «Ashyq» жүйесіне қосылды

692

Індеттен сақтану үшін қазіргі таңда жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осы ретте, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі деректерді бақылау және талдауға арналған «Ashyq» жүйесіне қосылды.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бас болуымен іске қосылған жүйе алғашқы бақылау-өткізу бекетінде орналастырылған. Онда арнайы QR-код ілініп, мекеме қызметкерлері мен кездесуге келген сотталғандардың туған-туыстарының барлығы тексеруден өтеді.

Бұл мекеме аумағындағы санитарлық талаптарды қадағалауға және келушілердің инфекцияны таратпауының алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта келуші әрбір азаматты  ақпараттандыру жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда. Яғни,  кіре беріске «Ashyq» қосымшасы жайлы жазылған ақпараттар қойылып, мекеме қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетер жайт, бағдарлама арқылы тексеруден өткен соң 4 түстің бірі жанады. Мәселен, ПТР тест тапсырмаған  және вирус жұқтырмаған азаматтарға – КӨК түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтежие көрсеткендерге – ЖАСЫЛ, ал науқастармен байланыста болғандарға – САРЫ, коронавирус жұқтырғандарға – ҚЫЗЫЛ түс жанады. Сары мен Қызыл түс жанғандар мекеме аумағына жіберілмейді. Сақтандыру шарасының бұл түрі қызметкерлер мен жазасын өтеп жатқандардың өміріне қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.