Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында 2024 жылғы 5-7 маусым аралығында ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру семинарына тіркелуге шақырамыз.
ЕГЕР СІЗ:
- Көпшілік алдында сөйлеу, көпшілікпен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіргіңіз келсе;
- Өзіңізге деген сенімділікті арттырып, коммуникативтік қабілетіңізді оятқыңыз келсе;
- Көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектесетін дағдыларды жетілдірем десеңіз;
- Сөйлеу шеберлігін дамыту арқылы әлеуметтік қарым-қатынас жасауға ұмтыламын десеңіз.
ОНДА:
Семинардың тақырыбы бойынша оқуға өтініш беріп, құзыреттеріңізді бізбен бірге дамытыңыз!
Семинар қорытындасы бойынша тыңдаушыларға Академияның арнайы үлгідегі сертификаты беріледі
Толық ақпарат алу үшін 8 701 752 7099 (WhatsApp) телефонына хабарласыңыз.
Семинар өтетін орын: Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А;