Қазіргі таңда, әлемдегі мемлекеттерде медиация институтының өміршеңдігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны анық.
Медиация – тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып, табылатын медиатордың дауларды шешу нысаны. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәжірибесінің мақсаты билер соты сияқты дауласушы тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, тараптарды бітімге келтіріп, татуластыруға қол жеткізу. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни тарапты негізінде жүргізілген келіссөз, екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
Татуласу рәсімінің бірнеше ғасырдан бүгінге дейін жеткені, құқық саласында алатын орны ерекше екенін байқауға болады. Ежелгі заманда қалыптасқан заңдар бойынша татуласуды өз талаптарына сай ыңғайластырған болса, бүгінгі таңда өркениет пен адам санасының дамуы арқасында татуластыру рәсімінің ауқымы кеңи түскенін байқауға болады. Қазіргі уақытта татуластыру рәсімін әкімшілік істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда медиацияны кеңінен қолданылуы әкімшілік істер бойынша жәбірленуші мен татуласу бітімгергішілікке әкелудің тиімді жолы екені айқын.
«Медиация туралы» Заңының негізгі ережелерін қолдана отырып, Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2020 жылдың 4 айында қаралған 188 әкімшілік істің ішінде, 85 әкімшілік іс медиация тәртібінде тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылып, 45,2%-ды құрады. Осы орайда, медиация саласында еңбек етіп, елді татулыққа үндеп жүрген мамандардың жемісін атап өткім келді.
Тараз қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының судьясы,
Д.А.Мадемаров