Жуырда «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ж.Нарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен келіп, сапарын Көкқайнар ауылдық округінде орналасқан бақылау бекетінің жұмысымен танысудан бастады.
Осыдан кейін партия аудандық филиалының ғимаратында аудандық партиялық активпен кездесу өткізді. Кездесуде партияның идеологиялық шараларын БАҚ құралдары, әлеуметтік желілер, зиялы қауым өкілдері арқылы халыққа кеңінен түсіндіру шараларын жүргізу және «Біз Біргеміз» акциясы аясында жасалып жатқан шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Б.Ж.Нарбаев актив жиынын қорытындылағаннан кейін, Төле би ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысын салу бойынша жұмыс атқарып жатқан «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Артынша аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері И.Мусаев пен Д.Серебряковты Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, сондай-ақ көпбалалы ана К.Таласбаеваға азық-түлік себеттерін тарту етті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық