A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәдениет және спорт министрлігі: Алдағы уақытта Голливуд фильмдерінің прокаты мәселесі шешіледі

266

Мәдениет және спорт министрлігі жақында Қазақстанда Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесінің шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 наурызда Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаев еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске кинопрокат нарығында танылған отандық компания басшылары қатысты.

«Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатыр. Голливудтың үш студиясы –  Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрерменге картиналарын ұсынуды жалғастырады», – деді Дәурен Абаев.

Оның сөзінше, қазақстандық кинопрокатшылар министрліктің қатысуымен Walt Disney Company және Sony компанияларымен тікелей келіссөз жүргізіп жатыр.

Ведомство мәліметінше, келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісінің жабылатынын хабарлаған едік.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.