Мемлекеттік корпорация Halyk Bank-пен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.
Бұрын азаматтар банктен қажетті құжаттарды алып, одан кейін ХҚО-ларға жүгінетін. Енді, blockchain технологиясының көмегімен олар «Halyk Homebank» қосымшасында шаруаны бітіре алады. Клиент уақытын үнемдеп, мемлекеттік қызметті 5 минут ішінде ала алады.
Айта кету керек, blockchain жүйесі жеке деректерді үшінші тұлғаға өткізуді болдырмайды.
Ал сіз бұл технология жайлы не білесіз?