Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі таңда республикада қуаты 5 062 төсек-орын болатын 191 инфекциялық аурухана КВИ бойынша стационарлық көмек көрсетеді. Төсек-орынмен қамту 28%-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орынмен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында 55% және Солтүстік Қазақстан облысында 59% екені байқалады. Реанимациялық орынмен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында – 28% және Түркістан облысында – 20%», – деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, 4 тамыздағы дерек бойынша еліміздің реанимация бөлімшелерінде КВИ диагнозымен 43 пациент жатыр.
«Негізінен, барлық пациенттерде қосалқы аурулар бар. Атап айтқанда, пациенттердің 20,3%-ында артериялық гипертензия, 7% өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 5% жүректің ишемиялық ауруы, 8% астамы қант диабеті және т.б. бар», – деді ол.