A place where you need to follow for what happening in world cup

Кеңес дәуірінде бірнеше рет Батыр атағына ұсынылған қазақстандықтар Президенттің жарлығымен қайтыс болғаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды

1 320

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 06 мамыр
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали

Насырханұлы

(марқұм)

 –  

8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

 

Несмиянов Александр

Александрович

(марқұм)

 

126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

 

Сүлейменов Ыбырайым

(марқұм)

 –   100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

№ 889

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.