A place where you need to follow for what happening in world cup

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл

237

Мойынқұм аудандық мәслихатының мәжіліс залында Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты, ауған соғысына қатысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен марапаттарын тапсыру шарасы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов және аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов қатысып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Жиында сонымен қатар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р.Мұстафаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев , интернационалист-жауынгер, ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Нәметхан Меркібаев сөз сөйледі.
Содан соң Ауған соғысында қаза тапқан, ССРО Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталған жерлесіміз Қайрат Бөлдешевтің ескерткіші алдында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толуына орай Гүл шоғын қою шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары Ауған соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ауған соғысында ерлікпен қаза болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов және аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетовтер сөз сөйлеп, Ауған еліндегі соғыс біздің тарихымыздағы ешқашан ұмытылмайтын саяси оқиға екендігін атап, қаншама жас боздақтарымыз әскери, әрі интернационалдық борышын өтеп жүріп, ерлікпен қаза тапқандығы, он жылға созылған бұл соғыс ел жұртымызға өте ауыр кезең болдығын жеткізді. Сонымен қатар Ауған соғысында шейіт болған боздақтарымыз бен өшпес ерлік үлгілерін көрсетіп, арамызға оралған ерлерімізді қашанда қастерлеп, құрметтеп жүруге шақырды әрі соғыс өрті елімізде енді ешқашан тұтанбасын деп ақжарма тілектерін білдірді.
Сондай-ақ жиында Жамбыл мектеп-гимназиясының оқушылары Отан тақырыптары аясында тебірене өлеңдер оқып, патриоттық әдеби-монтажын ұсынды.
Содан соң аудандық мешіттің бас имамы Рысбай Еспенбетов ауған соғысында шейіт болған және бейбіт күні өмірден озған боздақтарымыздың рухына құран бағыштады.Жиын барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.