A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантин талабын бұзғандар жазаланады

222

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны артып жатқанына байланысты 14 маусымнан бастап Жамбыл облысында карантиндік шаралар күшейтілді. Осыған байланысты аудан бойынша кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруына шектеу қойылып, сауда орындарының жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді. Осы орайда, аудан бойынша арнайы 4 жасақталған мобильдік топ құрылған болатын. Оның құрамына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және санитарлық қызмет өкілдері, сонымен қатар өзге де азаматтар кірді. Мобильдік топ өкілдері 14 маусымнан күнделікті рейдтік іс-шараларды атқаруда. Тексеру жұмыстарының басты мақсаты – карантин режимі тәртібінің, санитарлық талаптардың сақталуы. Арнайы құрылған топ күнделікті карантин режимін сақтау бойынша рейд жұмыстарын жүргізіп отырады, нәтижесінде аудандағы сауда нысандары мен тамақтану орындарында айтарлықтай тәртіп сақталған. Дегенмен, бірқатар кейбір карантин талаптарын орындамай отырған кәсіпкерлерде анықталып отыр.
Бейсенбі күні өткен рейдте аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов пен мобильдік топ өкілдері бірінші кезекте сауда орындарын және дәмханаларды тексерді. Рейд барысында бірнеше нысандардың белгіленген талаптарды ескермей жұмыс істегені анықталып, қатаң ескертулер айтылды. Ал екеуіне Жібек жолы көшесіндегі «Zheka`s Doner House» және Елім-ай көшесіндегі авто жуу орны айыппұл салынатын болды. Санитарлық қызмет мамандарына тиісті құжаттар мен дәйекті материалдар жолданды.

Сонымен қатар, мобильдік топ өкілдері көпшілік шоғырланатын жерлерді аралап, көлік иелеріне және тұрғындарға сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын түсіндірді. Нақтырақ айтсақ, орталық саябақта кешкі уақытта серуендеп жүрген тұрғындарға ескертулер жасалды, санитарлық талаптардың орындалуы және бетперде киіп жүрудің маңызы түсіндірілді. Алдағы уақытта дәл осындай рейдтік шаралар күндізгі және түнгі уақытта тұрақты түрде жалғасатын болады. Осыған байланысты аудан тұрғындарын, әсіресе кәсіпкерлерді карантин талаптарына немқұрайлық танытпауды сұраймыз. Ал, карантин талабын орындамандарға айыппұл салынады. Мәселен, аудан бойынша 51 құқықбұзушылық анықталып, айыппұл салу үшін санитарлық қызмет мамандарына тиісті құжаттар жолданған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.