A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантин кезеңі көшеде құр жүрмеуге үйретуде

161

Қордайда арнайы мобильді топ аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп аудан орталығындағы сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарында карантин талаптарының қаншалықты сақталатындығын анықтау мақсатында рейд жұмыстарын жүргізуде. Арнайы бақылау тобының құрамына аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері бар. Тексеру жұмыстарының барысында азық-түлік дүкендері мен дәмханалардың Бас санитарлық дəрігер енгізген талаптарға сай емес нысандарға Заң аясында айыппұлдар салынуда. Айта кетерлігі, аудандағы күнделікті кешкі рейд барысында сағат 20:00-ге дейін дәмханалар мен кафелер жабылатындықтары көңілге қуаныш сыйлауда. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жалғасуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.