A place where you need to follow for what happening in world cup

Камелетке толмаған жасөспірім босатылды

186

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде 2022 жылдың Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар күдікті В.В.Садкевич ағымдағы жылдың 17 ақпанында тергеу изоляторынан босатылды.

Ол, әкесінің ұсынымымен жеке кепілгерлік бұлтартпау шарасына ауысты. Тергеу изоляторында қамақта болған жасөспірімнің жалпы денсаулығы қанағаттанарлық, эмоционалдық жай- күйі тұрақты және көңіл-күйі бірқалыпты. Әкесі баласымен қауышып, көңілі орнына түсіп мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мекемеге келіп түскен күннен бері күдікті толығымен психологиялық тұрғыда қамтамасыз етіліп, профилактикалық іс шаралар жүргізілді. Психологиялық тұрғыда күдіктімен жеке әңгіме-сұхбат, бақылау, түрлі тренингтер жүзеге асырылды. Жасөспіріммен мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері тәрбиелік мәні бар әңгіме — сұхбат жүргізілді. Күдікті тарапынан мекеме басшы құрамына, әкімшілігімен қызметкерлерге ешқандай арыз-шағым болмады.

ЖД-158/1 мекемесінің инспектор психологы әділет лейтенанты
А.Е. Аташева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.