Шу ауданында жүріп жатқан көшпелі қоғамдық қабылдау Жаңақоғам ауылдық округінің орталығы Көктөбе ауылында да ұйымдастырылды.
Ауыл тұрғындары жиі келетін «Әдемі» сауда үйінің алдына ақ шатыр құрылып, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен шараға Шу ауданы әкімінің орынбасары Ә.Балқыбеков, аудандық ХҚКО маманы, аудандық әкімдігінің ауыл шаруашылық,жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ТКШ ЖҚ және АЖ бөлімдерінің басшылары ауыл тұрғындарын қабылдады.