Жуалы ауданында күні кеше бастауын алған көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Ақтөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауылында өтуде.
Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген Бәйтерек ауылының тұрғыны Берекет Райқұлов «Облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша 2,2 млн теңге алып, 4 мүйізді ірі қара, 1 жылқы алып шаруасын жүргізуде. Бүгінгі күні ауылдағы жайылым мәселесінің бар екенін жеткізді. Аталған мәселе бойынша арнайы қызметтермен округтегі жайылым жерлерге қайта зерделеу жасалатыны айтылды.
Жалпы, Бәйтерек ауылы тұрғындарынан 22 сауал түсіп, олардың 11-і шешімін тауып, 9 түсіндіріліп, 2 мәселе бақылауға алынды. Жайылым, ауыз су мәселелері жиі қойылды. Ауыз су мәселесі бойынша Бәйтерек, Жаңаталап, Ақтоған ауылдарына ЖСҚ әзірленуде. Алдағы жылы қаржыға сұраныс беріледі. Жайылым мәселесін шешу үшін қосымша зерделеуді қажет етеді.