A place where you need to follow for what happening in world cup

Көрмеден түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды

234

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық қолөнерімізді насихаттай отыра, қайырымды іс жасауға баулу мақсатында «Жылулық сыйла» атты қайырымдылық көрмесі өткізілді.

Волонтерлар жылында қарт волонтер атанған Сәуле Төребекованың жетекшілігімен жұмыс атқарып отырған «Айсәуле» құрақ құрау курсы құрамы арнайы дайындаған жұмыстарын жиылған көпшілікке ұсынды.

Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.

Қайырымдылық жасау – адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі. Осы кереметтей қолөнер бұйымдарын сатып алу арқылы мұқтаж жандарға қол ұшын созып қайырымды іс жасауға мүмкіндік береді, Ал көрмеден жиылған барша қаражат аз қамтылған отбасыларға жұмсалынатын болады.

Іс-шара барысында, Тараз қаласы әкімнің орынбасары А.Садубаев көрме туралы ойымен бөлісіп, игі бастама өз жалғасын таба берсін деп ниет білдірді.

Көрме нәтижесіне сәйкес тауарлардың басым бөлігін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сатып алды.

Бұл игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.