A place where you need to follow for what happening in world cup

Көркейту, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

372

Ауылдың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы мен жайқалған жасыл желегі. Бұл екеуі болмай ауылға сән кірмейді, тамырына қан жүрмейді. Сондықтан да, ауыл шырайын шұғылалы ету мақсатында Т.Рысқұлов ауданында жылдар бойы қыруар күш жұмсалып, нәтижесі де көрініп-ақ келеді. Ауданда ағымдағы жылдың көктемгі екі айлық көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары өтуде. Көгеріштендіру жұмыстарына Т.Рысқұлов ауданындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары, мектеп, балабақша ұжымдары апта сайын өз мекемелері территориясы мен ауыл ішін тазалап, сенбіліктер өткізіліп, қарқынды жалғасуда. Жоспарға сәйкес, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде күні бүгінге дейін 2500 түп тал мен 1600 түп гүлзарлар алдын ала дайындалып, отырғызып аймақты жас көшеттермен көмкерді. Аудандағы барлық ағаштар ретімен бұталып балақтанды. Бұл күнде ағаштар бүршік атып, егілген шөп жер бетіне көтеріліп те қалды. Наурыз мерекесі қарсаңында-ақ барлық ауылдық округ тұрғындары қолдарына күрек, тырма, сыпырғыш ұстап, өздері тұратын аймақта тазалық жұмыстарын жүргізгені анық. Сондай игі шаралар бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Жол жиектері, арықтар қыстан қалған күл-қоқыстардан аршылуда. Ағаш түптері әктеліп, гүлзарлар, алаңқайлар ретке келтірілуде. Бүгінгі күнге дейін 35 шақырым арықтар мен каналдар, 245 шақырым көшелерде тазарту жұмыстары жүргізіліп, 225 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни, барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді. Болашақ үшін жасалынып жатқан игі істер үлкен ұйымшылдықпен, жоғары деңгейде өтіп жатыр.
Тал-теректер отырғызу – ауданымыз үшіне аса маңызды әрі ең қажетті жұмыстардың бірегейі. Алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрмен жалғасын тауып, ауданды жасыл желекке айналдыру үшін де көптеген жұмыстар жасалатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.