Мемлекетіміздің бойында рух-жігері бар әрбір азаматы, Отанымыздың саналы патриоты мемлекеттік мерекемізді қастерлеп, атап өтуге тырысады. Шу қаласы тұрғындары да осы шарадан қалыс қалмай, 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, Шу қаласы, Жайсан мөлтек ауданы, Д.Қонаев көшесі, С.Шәкіров көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің балконына көк туымызды желбіретті.