A place where you need to follow for what happening in world cup

Көне шаһарды көркейту жұмыстары жалғасын табады

279

Тараз қаласы соңғы жылдары жаңғырып, жаңару үстінде десек, өткен  жыл соңында ашылған «Көне Тараз» бен «Тектұрмас» кешендері және бірқатар мәдени нысандар көне шаһардың тарихи келбетін айшықтай түскені сөзсіз. Шаһар шырайын арттыратын жобалар ағымдағы жылы да жалғаспақ. Бұл туралы  облыс  әкімі Асқар Мырзахметовтің  төрағалығымен  өткен кеңейтілген қала құрылысының кеңесінде айтылды.

Жиында ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар баяндалды. Онда алдымен қаланың жаңа он бесінші шағын ауданыңдағы бой көтеретін әлеуметтік-мәдени нысандардың жоспар-жобалары сараланды. Аталған шағын ауданда алдағы уақытта Салтанат сарайы, Оқушылар сарайы, Жеңіл атлетика манежі, Неке қию сарайы тағы да басқа нысандар бой көтермек. Қазіргі таңда тиісті құжаттарды даярлау шаралары орын алуда.

Басқосу барысында Мамыр және Орталық саябақтарды абаттандыру жұмыстарының жобалары қаралып, нақтыланды. Талас өзенінің  бойынан демалыс жағажайы, қала маңынан жасыл белдеу салу мәселелері де назарға алынды. Сондай-ақ, биыл «Тектұрмас», «Көне Тараз» кешендерінің екінші кезеңдері жүзеге асатын болады. Ол бойынша Асқар Исабекұлы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.  Қала құрылысының кеңесі алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп, жоспарлы шаралардың орындалу жайы бақылауда болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.