Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 3-бөлігімен (Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер) жасалған құқық бұзушылық бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 25 сәуір 2019 жылы сағат 14:30 шамасында, жүргізуші А. көлік жүргізуге құқығы жоқ тұлға бола тұра көлік құралын басқарып, Тараз қаласы Асқарова көшесімен Қосы батыр көшесінің қиылысында, қарсы бағытта келе жатқан көлік құралымен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралдарына материалдық шығын келтірілген, жәбірленуші азамат М-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірген.
Сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде (алпыс) айлық есептік көрсеткіш, яғни 166 680 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Мұхтар Сисенбаев