A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

223

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының өкілдерімен бірге «Бизнес-Бастау» бойынша оқып жатқан жас кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Кездесуде Р.Төлебаев аймақта кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерді білу қажеттігін, сонымен бірге, кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар «Protecting business and Investments» жобасы аясында бүгінгі таңда 368 млрд теңгені құрайтын 26 меморандумға қол қойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалып жатқандығын айтып өтті.
Бизнесті дамытуда заңсыздар мен құқықбұзушылықтарға тап болған жағдайда департаментке хабарласуға болатындықтарын атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.