A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіби бағдар – сапалы мамандық кепілі

202

Көз ілеспес жылдамдықпен жедел дамып келе жатқан бүгінгі таңда тек озық тәжірибе мен озық технологияларды терең меңгерген маман ғана заман көшінен қалмайтыны белгілі. Осы орайда, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» Бас Директоры Замир Садықұлының бастамасымен қолға алынған «2000 мектеп» акциясының маңызы зор. Осылайша, жолшылар әрбір мектеп пен колледждерге арнайы барып, ондағы білім алушылардың қабілеті мен бейімін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығын арттыруға күш салуда.

Жемісті шоба аясында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалының қызметкерлері де облыс орталығындағы оқу орындарына бас сұғып, жастармен тілдесті. Жамбылдық жолшылар 120 білім ошағында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, жасөспірімдердің бұл салаға деген қызығушылығын арттыру үшін «Ашық есік» күндері ұйымдастырған.

— Біздің филиалдың қызметкерлері қалалық білім басқармасының көмегімен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматында тоқсан сайын 30 мектептің жоғары сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша дәріс өткізді. Яғни, өткен жылы 100-ден аса мектепке барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Ал «Ашық есік» күндерінде мектеп оқушылары филиалдың жұмысымен етене танысып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада қызмет ететін әаға буынның ақыл-кеңесін тыңдады, — дейді филиал қызметкері Жұмахан Шакирбаев.

Айта кетейік, есепті кезеңде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің бірқатар студенттері дәл осы орталықта 6 айлық тағылымдаман өткен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.