A place where you need to follow for what happening in world cup

Күздік дала жұмыстарының барысы талқыланды

82

Аймақта күздік дала жұмыстары қызу жүруде. Ала жаздай егін басында еңбектенген шаруалардың бүгінгі жай-күйі қалай? Бұл сұрақтарға бүгін өткен облыстық филиалы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту» және «Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысында жауап ізделді.

Жиынға облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басшысы Нұрби Жігітеков, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнұр Журабекова және «AGROCREDIT» аграрлық несие корпорациясы Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Бауыржан Таджибаев қатысты.

Шарада алдымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басшысы Нұрби Жігітековтің баяндамасын тыңдап, өңірдегі күздік дала жұмыстарының барысымен таныстық. Бүгінгі күні егістік алқабындағы өнімдерді жинап алуға барлығы 10 063 техника жұмылдырылған. Бұл техникаларға 15 683 тонна дизель отыны бөлінсе, оның 2 304,9 тоннасы таратылған. Қазіргі таңда жанар-жағармайдың литрі 250 теңге болып бекітілген.

Әрине, дизельдік отын қоры жеткілікті әрі бағасы шаруаларға қол жетімді болғанымен сапасына шағым айтушылардың қарасы қалың. Себебі, ысырапсыз пайдалануды көздеген жауаптылар жанар-жағармайға бояу қосып, босатып жатқан көрінеді. Салдарынан техникалардың сыну деректері көбейген. Бұл мәселеде дизельді тасымалдаушы компаниялар жауапты. Сондықтан тиісті басқарма жауапты кезеңде жауапсыздық танытып жатқан мекемелердің жұмысын назарға алуы қажет.

Ағын су тапшылығынан аймақтың 6 ауданында төтенше жағдай жарияланып, шығыны мемлекет тарапынан өтеліп берілмек. Бұл бағытта сала мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекет тарапынан 3,6 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен құжаттарының дұрыс болмауына байланысты егіні күйіп кеткен 100-ге жуық шаруалар бар. Олардың шығыны өтелмей қалу қаупі де бар. Соған қарамастан кеңес мүшелері құзыретті органдарға ұсыныстар жолдайтын болады.
Шаруалары биыл қыспаққа алған ағын су келер жылы да болмай қалуына ешкім кепілдік бермейді. Сол себепті өңір шаруалары жер асты су қорларын кәдеге жаратуға қазірден қамданып жатыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындылары жер асты су қорлары көбіне ауыл маңындағы жайылымдық жерде орналасқандығын көрсетуде. Кезек күттірмейтін бұл мәселе бойынша да партия тиісті мекемелермен жұмыс жүргізіп, оңтайлы шешілуіне ықпал етеді.

Кеңес отырысында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнұр Журабекованың да баяндамасын назарға алып, шаруаларға субсидия беру мәселесін талқыладық. Бұл бағытта да мәселелер жоқ емес. Ол бойынша кеңес мүшелері тиісті ұсыныстарын жеткізіп, ұтымды ойларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.