A place where you need to follow for what happening in world cup

Күнтәртібінде психологиялық тәрбие

811

Күнтәртібінде психологиялық тәрбие

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде арнайы контингент арасында жеке психикалық мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу, төтенше жағдайлардың, яғни жанжал шығаруға, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін анықтау, келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында психодиагностикалық жұмыс жүргізілді.

Облыс орталығындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, психолог магистрі А.Абдрахманова және мекеме психологтары жүргізген психологиялық жұмыс барысында кешенді әдістемелер қолданылып, пікір алмасу әдісі жүзеге асырылды. Жалпы, мұндағы мақсат – арнайы контингенттер арасында адамгершiлiк, әлеуметтiк-құқықтық, эстетикалық, еңбек және дене шынықтыру сондай-ақ психологиялық тәрбиені қолға алу, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал ету.

Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.