A place where you need to follow for what happening in world cup

Күн тәртібіне мәдениет саласындағы кадр мәселесі шығарылды

909

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Онда партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және мәдениет саласындағы кадр мәселесі бойынша облыстағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері Партияның Жол картасы аясындағы «Туризмді дамыту» бағыты бойынша облыстағы атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алды.

Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай өңірдің мәдениет саласында 3 573 қызметкер жұмыс атқаратынын баяндады. Айта кетейік, бұл мамандардың 1 927-сі шығармашылық қызметкер болса, оның 1 634-і кәсіби сала мамандары екен.

Ашығын айтсақ, аймақтағы мәдениет саласына кадр дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Дегенмен аталған оқу орнын бітірген мамандар облыстық театр мен филармонияға жұмысқа орналаса алмайтын көрінеді. Себеп диплом сәйкес келмейді. Бірақ, кәсібилігі сақадай сай. Осының салдарынан жауаптылар мәдениет саласына мамандарды сырттан алдыруға мәжбүр.

Сондықтан кеңес мүшелері жергілікті оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тиісті ереже қарастыру қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. Осы ретте, тілге тиек ете кетерлігі облыстық драма театрында көркемдік жетекші, ал облыстық филармонияда дирижер мамандары жоқ.

Бұдан өзге, кеңес мүшелері ауылды жерлердегі клубтар мен кітапханалардың мәселесін көтерді. Сондай-ақ, осыған дейін талай мінберден айтылған Жастар театрын ашу мәселесі кезекті рет қаузалды.

Шарада өңірдің турзим саласында атқарылып жатқан жұмыстар да назарға алынып, туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембековтың баяндамасы тыңдалды. Ол биыл партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында 3 туристік нысан пайдалануға берілгенін жеткізді.

Кеңесте көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың барлығы партия назарына алынып, тиісті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.