A place where you need to follow for what happening in world cup

Ізгі ниетпен — жомарт түлектен

345

Күні кеше аймақ басшысы танымал жамбылдықтардың басын қосып Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек-2021» атты кездесу өткізгені белгілі. Жиын барысында облыс әкімі:
Басты мақсат – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал жамбылдықтардың туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуға тарта отырып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады,- деп атаулы акцияның маңыздылығын жеткізген болатын.
Бүгін, ауданымыздың белді кәсіпкері, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сүлейменов Пазыл Әбілдаұлы «Жомарт Түлек – 2021» акциясы аясында туып-өскен Қарақат ауылы, №2 шағын орталықты орта мектебінің ауласына декоративті көшеттер отырғызды. Айта кетерлігі, өңірге атымтай жомарттығымен танылған Пазыл Әбілдаұлы Қарақат ауылына құны төрт миллиондық кіре беріс аркасын да орнатқан болатын.
Аталған шараға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та қатысып, тілектестігін білдірді.
Жастарды жомарттыққа, кіші отанын ұмытпауға шақыратын атаулы акция туған өлкесін дәріптеп, кіндік қаны тамған ауылын ұмытпай түрлі әлеуметтік мәселелерде еліне қол ұшын беріп жүрген жомарт түлектердің игі істері жалғаса береріне сеніміміз мол,- деп, аудан басшысы Е.Садырқұлов өңірдегі жомарт түлектерді игі іске атсалысуға шақырды.
Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие, ағалық жомарттықтың үлгісін танытқан Пазыл Әбілдаұлы мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары алдында:
Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге тағзым» бастамасы аясында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұсынысымен бастау алған «Жомарт түлек» акциясы негізінде менде туған жеріме ту тіктім. Бұл мен үшін аса маңызды. Тау баласы тауға қарап өседі демекші үнемі тауға қарап, бой түзеп, туған жерге қызмет етуді арман еттім. Менің осы өмір жолымды үлкен белестерді бағындырып, жетістіктіктерге жетуіме Қарақат ауылындағы қазіргі №2 шағын орталықты орта мектебінің орны ерекше. Сондықтан осы мектептің білім мен тәрбие берген ұстаздарына үлкен алғысымды айтамын,- деп, атаулы шаралар жалғасын тауып, мектептің жөндеу жұмыстарына да қаржылай көмектесетінін жеткізді.
Ауданымызда туған өлкесін дәріптеп, кіндік қаны тамған ауылын ұмытпай түрлі әлеуметтік мәселелерде еліне қол ұшын беріп жүрген жомарт түлектер, Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев айтқандай, Отанға деген сүйіспеншілік – бос ұрандар мен декларациялар емес, ол халық игілігі үшін күнделікті аянбай еңбек ету, шын жүрекпен жасалатын қайырымды істер екенін сөзімен емес, ісімен жүзеге асыруда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.