A place where you need to follow for what happening in world cup

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

198

Бүгінгі қос мерекенің бірі — полиция қызметкерлерінің күні. Жылдағы дәстүрге сай тәртіп сақшыларына құрмет көрсетіліп, үздіктері марапатталды. Халық сенімі – полиция қызметіне берілетін басты баға. Полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті. Еліміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғайтын, тәртіптілікті қамтамасыз етіп, қылмыстың жолын кесетін мемлекеттік жүйе — полиция қызметі.

23 — маусым Қазақстан полициясына күніне орай ҚАЖ департаменті не қарасты ЖД-158/4 мекеме басшылығы мінсіз қызмет көрсеткен бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Марапаттау барысында сөз алған мекеме басшысының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Байжігітов: «Полиция қызметкері
болу оңай емес, бұл — маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Ол үшін байыпты білім мен айбарлы жүрек, сабыр мен төзім, қажырлы күш-қайрат қажет»,- деді ол.

Бұдан кейін мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әділет Джарыкбасов тәртіп сақшыларының есімі көпке үлгі боларын жеткізді.

«Сіздер күнделікті қызметтеріңізде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Мемлекет тарапынан сіздерге ерекше ықылас танытып, жан-жақты қолдау көрсетілуде»,- деді Ә.Джарыкбасов.

Айта кетейік, мекеме басшылығы қызметкерлерге коронавирус пандемиясы кезіндегі ерен еңбегі үшін алғыс білдіруді ұмытқан жоқ.

Аида Мұсаева,
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.