A place where you need to follow for what happening in world cup

Инфекцияның алдын алу бойынша жұмыстар пысықталды

211

Сарысу ауданында коронавирусты инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханованың төрайымдығымен кездесу өтті.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндау үшін аудандық орталық аурухананың бас дәргері – Бағила Бегмановаға берілді.
Келесі сөзді, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Сәуле Тұрлыбекова алып, слайд арқылы алдын алу шараларын түсіндірді.
Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты да осы мәселені ортаға салып, толық мәлімет беру болатын. Мақсат орындалып, жиналғандар ойларында жүрген сауалдарына жауаптар алды.
— Коронавирустық инфекцияның алдын алу жұмыстары біздің ауданда да лайықты жалғасын табуда. Ағымдағы жылдың 7 ақпаны күні аудан әкімінің №63 өкімімен арнайы аудандық комиссия құрылды.
Одан бөлек, «Сарысу ауданында коронавирусты инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары», аудан тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын-ың алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру жөніндегі мобильдік топ пен олардың елді-мекендерге шығу кестесі бекітіліп, жауаптыларға таратылды.
Біз тиісті комиссияны, мобильді топ құрамын, шығу кестесі мен жоспарды бекітіп алдық, енді соны іске асырып, нақты жұмыстар атқаруымыз керек.
Адам көп шоғырланатын орындарда (білім-тәрбие беру мекемелерін-де, көңіл көтеру орындарда, кәсіпкерлік нысандарда, мешіттерде, банктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпкерлік палатадажәне т.б.ірі мекемелерде) міндетті түрде гигиеналық құрал ретінде сұйық сабындар қою қажет.
Сондай-ақ, аталған нысандарда алдын ала дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу қажет екендігін ескертемін.
Осы мақсатта аудандық орталық ауруханадан және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан коронавируске жауапты бір-бір адам бекітіп, солармен жұмыс істеуіміз керек. Ол дегеніміз — ақпарат алмасуды жеделдету.
Мұндай көрші елге туған нәубет кезінде не істеуіміз керек?! Әрине біз, тиісті органдар бір жұдырықтай бірігіп жұмыс жасауымыз керек.
Сондықтан да, баршаңызды жоспарлы жұмыстарды тиянақты түрде атқарып, ел амандығы — ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етуге шақырамын!,-деген аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова, жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.