A place where you need to follow for what happening in world cup

Індеттің алдын алу жұмыстары жүруде

154

«Жасыл-Ел Тараз» ЖШС-ның қызметкерлері қаладағы 28 көшеде және 120 аялдамада дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға 8 қызметкер, 6 техника жұмылдырылып, 120 000 литр дезинфекциялық ерітінді жұмсалды. Барлығы 1 512 000 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28903 әскери бөлімінің жеке құрамы қаладағы «Жайлау» (3) ықшам ауданында дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға 50 әскери, 4 техника жұмылдырылып, 2 500 литр дезинфекциялық ірітінді жұмсалып, барлығы 12 500 шаршы аумақ залалсыздандырылды.

Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы бекіткен жаңа қаулыға сәйкес облыс орталығының тұрғындарына саябақтарға, скверлерге және жағалауларға баруға тек маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қана серуендеуге рұқсат берілді. Бұл орындарда достарымен және отбасымен серуендейтін халықтың көп шоғырлануын байқауға болады. Сондықтан дезинфекциялау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Жалпы, Облыс орталығының саябақтары мен скверлерін дезинфекциялау бойынша жаппай іс-шаралар жүргізілуде. Бұдан басқа, өңдеу бойынша жұмыстар адамдар көп жерлерде әкімдіктер мен ХҚКО-да, дәріханаларда жүргізіліп жатыр. Саябақтарда 35-ке жуық адам жұмыс істейді. Өңдеу уақыты кездейсоқ таңдалмаған, мұның бәрі демалыс күндері адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін жасалып отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша шағын аудандар мен автобус аялдамаларын дезинфекциялау үшін тағы 18 арнайы техника бөлінді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.