A place where you need to follow for what happening in world cup

ІІМ қазақстандықтарға ескерту SMS-хабарламасын тарата бастады

64

Ішкі істер министрлігі  азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.

ІІМ қазақстандықтарға ескерту SMS-хабарламасын тарата бастады

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

ІІМ төмендегі сақтық шараларын еске салады:

– ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несиені рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

– өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға келісуге тырысыңыз;

– күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;

– қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;

– белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

– банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

– өз шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.