«Nur Otan» партиясынан Талас аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Докторбек Маселбеков пен Айтолқын Абдибекова Көктал ауылының тұрғыны Ұзақбай Хасановтың шаңырағында болып қайтты. Канвассинг форматындағы кездесуде кандидаттар үй иесіне партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
– 2023 жылға қарай облыстағы 119 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ 2025 жылға қарай 107 ауылдық елді мекенді газбен қамту міндеті тұр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясыТараз қаласы мен 10 аудандағы 85 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 862 шақырым болатын ауыз су құбыры желілерінің құрылысын іске асырады. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарындағы 107 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 582,7 шақырым болатын газ құбыры тартылады. 2025 жылға дейін жазғы саяжай алқаптары тұрғындарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін боламыз.
Бір сөзбен айтқан 125,8 мың жамбылдық сапалы ауыз суға және 128 мың тұрғын көгілдір отынға қосылады, — деді үміткерлер.
Өз кезегінде сөз алған Көктал ауылының тұрғыны Ұзақбай Хасанов кандидаттарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді