Елімізде өршіп тұрған індеттің алдын алу, сондай ақ халықты індеттен сақтау жолдарымен құлақтандырып, аурудың алдын алу іс шараларын жүргізу, пандемия уақытында әсіресе жасы үлкен қарияларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі аудандық ауруханаға қарасты медицина ұжымының басты қызметіне айналып тұр. Осы негізде аудандағы, ауылдардағы медицина қызметкерлері халықпен тығыз жұмыс атқарып, аулалар мен үйді үйге барып, халықпен тікелей тексеріп күнделікті жұмыс атқаруда.