A place where you need to follow for what happening in world cup

«Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аталып өтті

104
Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аталып өтті. Бұл күн, еш қиындыққа мойымай, белсенді өмір салтын ұстанып, табандылық пен шыдамдылық танытатын адамдарға құрмет пен ризашылық білдіру күні.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Нәметқұлов қатысып, жиналғандарға аталмыш мереке жайлы айтып, құттықтады. Содан соң аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Зәуреш Бақтиярова, аудан әкімдігі білім бөлімінің психологиялық түзету кабинетінің директоры Жазира Көдековалар сөз алып, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып, өз ұсыныстарын берді. Сондай-ақ аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейірхан Төлеулиев мүгедектігі бар адамдарға арналған орталық ашу сынды ұсынысын жеткізді.
Жиында аудан әкімдігі білім бөлімінің психологиялық түзету кабинетінің директоры Ж.Көдекова аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және осы мекеменің психолог маманы Сана Әбдінасырқызы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай –ақ «Мүгедек қарттар» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері Жансая Қанатбекқызы мен Қаламқас Аяпбекқызына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.