Мемлекеттік корпорация 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды.
Ал, 18 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар ғана қабылдайды.
19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды. Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорация қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық және өмірлеріңіздің барлық саласында тек табыстар тілейді!
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық