A place where you need to follow for what happening in world cup

Ескертуді елемегендер жазаланады

210

Мақұлдау, бірақ орындамау. Қала бойынша жұмысын қайта дөңгелеткен сауда орындары мен көпшілік тамақтанатын мекемелер санитарлық талаптарды толық орындап отырған жоқ.
Қала көшелерінде халықтың бір бөлігі қыдырып, той-тойлап жүрсе, енді бір бөлігі – өмір мен өлімнің ортасында жүр. Санитарлық нормаларды сақтау керектігін жан-жақты ескерткен мамандар енді заң аясында айыппұл салуға кіріскен. Сенбі-жексенбі күндері күшейген карантин режимін ұстанбаған бірқатар мекемелерге рейд барысында арнайы хаттамалар толтырылды. Сенбі күні қала әкімінің орынбасары Асхат Есенғалив бастаған мобильдік топ кешкі 22-00-ден кейін жұмысын тоқтатпаған тамақтану мекемелері мен сауда орындарын аралады. Рейдке полиция басқармасының өкілдері мен тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау басқармасы да қатысты. Бүгінде еліміз бойынша, тіпті облысымызда індетті жұқтырғандардың саны күн санап артуда. Тіпті кейбір қала тұрғындары пандемияны саяси ойын деп сақтық шараларына немқұрайлы қарауда. Бұл тізімнің ішінде кәсіпкерлер де бар. Белгілі болғандай, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2010 жылғы 12 маусымдағы №24 қаулысына сәйкес Тараз қаласында карантиндік шаралар күшейтілді. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарына келушілер саны 50 адамға дейін, мұндай кәсіпорындардың жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін шектелген. Ал жұмыс істеп жатқан бизнес субьектілері қатаң талапты сақтаулары керек. Бұл орайда облыста арнайы 11 мобильдік топ құрылып, олар күнделікті мониторинг жүргізіп отыр. сондай рейдтің біріне журналистер шақырылды. Бір кештің өзінде мобилдік топ сегіз заң бұзушылықтың куәсі болды. Сондай тамақтану орындарының бірі – «Сәлем» кафесі.
– Рейд барысында кафедегі қызметтік персонал медициналық қолғапсыз қызмет көрсетіп жүргендігі, келушілердің жағдайы мен бетпердесі тексерілмейтіндігі анықталды. Жалпы санитарлық нормалақ толық орындалмайтындығына көз жеткіздік, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Түнгі рейдтік іс-шара барысында «За линией» аймағындағы азық-түлік дүкендері мен көлік жуу орындарының бірінде заң бұзушылықтар орын алды. Айта кету керек, «Loto club» ойын-сауық мекемесінің әкімшілігі хаттаманы ресімдеуден бас тартты, себебі осыдан кейін жеке кәсіпкерге сотқа талап-арыз түседі. Қала басшысы Айтқазы Қарабалаев кезекті брифинг кезінде азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраған-ды. Алайда ағымдағы жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында тағы 19 коронавирус ауруы тіркелді. Оның 13-і облыс орталығының 26-дан 73-ке дейінгі тұрғындары, оның ішінде 2-еуі байланыста болған және 26-жастағы жүкті әйел. Бір жағдай бойынша Сарысу, Талас аудандарында 1957, 1988 жылы туылған тұрғындардан, Жамбыл ауданында 1980, 1948 жылы туылған тұрғындардан екі оқиға, Меркі ауданында 1966, 1995 жылы туылған тұрғындардан тағы екі оқиға анықталды. Барлық науқастар дереу инфекциялық стационарға тасымалданады. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. 20 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирусты инфекцияның 591 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ өңірде жалпы статистикаға кірмеген 232 симптомсыз тасымалдаушы бар. Аурудың 365-і сауығып, дәрігерлердің қадағалауымен үй карантинінде жатыр. Облыс орталығындағы көшелерде инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында күн сайын жаппай дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Тек екі күннің ішінде мердігер ұйымның мамандары тоғыз бірлік арнайы техниканы пайдалана отырып, 2 175 000 шаршы метрді залалсыздандырған. Оның ішінде 67 көше, әлеуметтік нысандардың аумақтары, балалар алаңдары, саябақтар, аллеялар, тротуарлар мен аялдамалар бар. Азаматтардың өздері жақындары мен өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, сақтық шараларын барынша сақтауға шақырамыз.

Арайлым Шабденова

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.