A place where you need to follow for what happening in world cup

Есірткіге қарсы істер қарқынды

206

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі  — құқық қорғау саласы да назардан тыс қалған емес. Жыл санап заң да, заңға деген талаптар да күшейіп келе жатыр. «Заң бар жерде тәртіп бар, тәртіпке бағынған құл болмас», – демекші, алға басудың, ілгерілеудің, дамудың алғышарты тәртіп екенін  естен шығармаған жөн. Осы орайда, қоғамдағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуын бақылайтын тәртіп сақшыларының еңбегі ерен. Осы тұрғыда тәртіп пен заңдылық мәселесі қалай жүзеге асырылуда, бұл бағытта қандай шаралар қабылданғанын егжей-тегжейлі білген едік.

Алдымен, қазіргі таңда ауданымызда есірткі қызметіне байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі түрде жедел-алдын алу іс-шаралары қалай жүргізілуде? — деген сауалға біз ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің   бастығы,  полиция майоры   Дінмұхамбет Койториевке қойған едік.

— Иә, расында бұл дерт уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деуге болады. Бұған дәлел күн сайын әртүрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар қатарының көбейгендігі. Қазіргі таңда, заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ауданымызда 2018-2019 жылдармен салыстырғанда 53 қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, 2019 жылы арнайы операция негізінде  2 тонна 177 келі 977 грамм тәркіленсе, мұның 3 келісі героин, қалғаны гашиш, марихуана.  Ал, 2018 жылы 1 тонна 540 келі 330 грамм болса, оның ішінде 2 келі 985 грамм героин.

Сондай-ақ, Мойынқұм ауданы бойынша 20 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 16-сы құқық бұзушылық болса, 2-і есірткі сактау, 3-і заңсыз сату фактісі. Ал, Меркі, Т.Рысқұов аудандары бойынша 932 келі 210 грамм марихуана заты табылды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте бөлім қызметкерлері халық арасында нашақорлықтың алдын алуға, есірткі қылмыстарын анықтауға, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге  баса назар аударылады, -деп түсіндірді Д. Лашынбайұлы.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі, білім бөлімі, орталық аурухана, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен арнаулы орта оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткіге қарсымыз!», «Есірткісіз болашақ!», «Есірткісіз аула» тағы да басқа акциялар өткізілуде. Бұл шаралардың басты мақсаты — болашақты салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жалпы, есірткі саудасына қарсы күресте әртүрлі әдіс — тәсілдерге жиі жүгініп,  тәжірибе алмасу жағы да  назардан алынған емес.   Бұл бойынша қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша оқу-жаттығулар, тәжірибе алмасу сабақтары ұйымдастырылып тұратынын атап өткен жөн. Сондай ақ,   есірткі тасымалын анықтауда көмегі көп кинолог  иттер имитаторға үйретіліп апиын, кокаин, героин, марихуаналарға имитатор бар, біздің иттер оған жақсы үйренген. Мұның пайдасы өте мол екені айтпаса да белгілі

Осы тұста айта кететін жайт, осындай тыңғылықты іс тындыру жолында аянбай еңбек еткен бөлім ардагерлері Шопырхан Жапабаев, Болатбек  Бахитов, Байыс Есеев,  Алмас Ақбозов, Арман Баймұханбетов, Данияр Ескермесовтың да еңбектері орасан зор.  Қазіргі кезге көзге көрінбей  қоғамға бірте-бірте еніп, ішінен бүлдіріп жатқан аурудың бірі ол жас буынның есірткінің құрбаны болуы. Есірткінің зияны мен зардаптары  қанша айтылып, жазылып жүрсе де оны қолданушылар саны азаяр  емес. Ал, оның түпкі тамырын анықтап, жою құзырлы органдармен бірге әр адамның азаматтық борышы деп білуіміз қажет.

Алтынай АБДРАИМОВА

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.