A place where you need to follow for what happening in world cup

Есепті кездесуде ақсақалдар мен жомарт жандар марапатталды

184

Бүгін аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесуі Бесағаш, Қарой, Ақбұлым ауылдық округтерінде жалғасын тапты.
Шаттықтың шуағына бөленіп, қуаныштың құшағына енген Бесағаш ауылдық округінің кешегісі мен бүгінгісін және ертеңін баяндамасында айтқан аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы да сөз қозғады.
1994 жылы құрылған округтің аумағы 19136 гектарды құраса, оның 18172 гектары ауыл шаруашылығына тән, 2176 гектары – егістік жер. Округ Бесағаш және Түрксіб елді мекендерінен тұрады. Жалпы халық саны – 6820 адам. Аула саны – 1336. Әлеуметтік салаға тоқталсақ, округ бойынша бір ауылдық клуб, екі кітапхана, екі орта мектеп (оған жақында пайдалануға берілетін №6 мектеп-лицейін қосыңыз), бір мемлекеттік бөбекжай, 1 шағын орталық, бір спорт мектебі және екі дәрігерлік амбулатория бар.
Округте 2 өндірістік кооператив, 133 шаруа қожалығы бар. Егістік көлемі 2202 гектарды құраса, оның 295 гектары бидай, 265 гектары арпа, 10 гектары қант қызылшасы. Картоп 60 гектар, көкөніс 110 гектар, бақша 3 гектар және мал азығы 312 гектарға орналастырылып, алынған. Сондай-ақ округте 2912 бас мүйізді ірі қара, 7967 бас қой-ешкі, 1997 бас жылқы, 4885 үй құсы бар.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өмірге келген «Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасына қатысқан ауыл тұрғындарының көңілі жайдарлы.
Жобаға 1176 ауланың 1117-сі қатысып, 280 құжатқа 892,1 млн теңге несие алып, бес бағыт бойынша үздік көрсеткіштер. Бұдан бөлек, 2019 жылы округте атаулы әлеуметтік көмекті алушалардың саны 235 жуықтаса, пилоттық жоба аясында 2020 жылы 135-ке қысқарып отыр.
Жоба аясынба Мухтавар Парпиев 1860000 теңге несие алып, кондитерлік цех ашты. Сондай-ақ «Қонақбай» жеке кәсіп иесі Болат Жараров өзінің ағаш өңдеу цехын кеңейтіп, ауылдың бес тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырғаны бар.
Округте егінсу мәселесі толық шешілген. Ауылдан 6 шақырым жердегі «Бесағаш әулие бұлағы» – ем іздегенге таптырмас орын. Мұнда келушілер көп.
Округ бойынша 48 көше бар. Оның 6-уына жарық орнатылса, 11 көше асфальтталған. Ауыз су мәселесі келесі жылдың жоспарына енгізілді.
Осы және өзгеде мәселелер баяндамада айтылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген спорт кешенін салу, көшеге асфальт төсеу және басқада мәселелерге жауап қайтарылып, хаттамаға еңгізілді.
Бұдан бөлек аудан әкімі «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж деп танылған отбасына бірлесіп баспана салып берген жомарт жандарға және округке қарасты Ынтымақ ауылындағы тұрғын үйді қайта қалпына келтіруге атсалысқан азаматтар мен ауылдың ауызбіршілігін сақтап отырған ақсақалдарға құрмет көрсетіп, Алғыс хатын табыс етті.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.