A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерліктері ел есінде

173

Жаңатас қаласы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Ерліктері мәңгі есте» тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу жиыны өтті. Шарада қала әкіміңің орынбасары Т. Төлебаев Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31жыл толуына орай, жарияланбаған соғыс қасіреті мен жерлестеріміздің ерлігі жайлы айта келіп, ауған ардагерлерін  бағалы сыйлықтармен, Алғыс хаттармен марапаттады.

Кездесу барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ж.Орынбаев және зейнеткерлер Ж.Шәдіұлы, А.Қасымбеков құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғысының ардагерлеріне өз алғыстарын айтты. Сондай-ақ, ақын Алтай Сатыбеков ардагерлерге  арнау өлеңін оқыды.

Сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сыздықбаев сөз сөйледі.

— Соғыста бастан кешкен қиыншылықтар, от пен оқ кешкен қаруластарымыздың ерлігі әлі күнге көз алдымда. Сол бір ауыр жылдарды есіме ала отырып, бүгінгі біздің бейбіт те тыныш қоғамымызға қарап шүкір деймін. Сондықтан  Елімізді көркейту жолында аянбай еңбек етуге тиіспіз.  Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Өскелең ұрпақты  отансүйгіштікте тәрбиелеу басты міндетіміз,-деп ардагерлерді сыйлап, құрмет көрсетіп отырған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Жиын соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерден шашу шашты.

Сәулет Есқараев

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.