A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерлікке тағзым ету — ұрпаққа парыз

474

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Кітапхана – оқырманның рухани талаптілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты кітапхана өз оқырмандарымен жұмыс істеуді тоқтатпады. Оқырмандарға осындай сын сағаттарда рухани демеу болып, олармен қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.

Осы ретте, аудандық орталық, ауылдық кітапханаларында «7 мамыр – Отан қорғаушы күні», Ұлы Жеңіске – 75 жыл толуына орай онлайн іс-шаралар өткізіп, «Facebook»  « Instagram» парақшаларына  жүктелді.

Мереке қарсаңында Шақпақ ауылдық округі Т.Дүйсебай ауылдық кітапханасы «Ерліктің, адалдықтың асқар шыңы — Ұлы Жеңіс» атты  библиопост, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы  М.Шаханов «Ғайша» библиопостын әзірледі. Сонымен қатар, аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығы «Ұрпаққа естелік қалдырайық» атты тақырыпта библиопостын, онлайн оқулар ұйымдастырса, Көкбастау ауылдық округі  Бақалы ауылдық кітапханасы  онлайн кітап көрмесін жасақтады.

Ал, Мыңбұлақ ауылдық округі  Көлбастау ауылдық кітапханасы «Жаса, Жеңіс — ел ерлігім!» тақырыбында онлайн оқулар өткізсе, Жетітөбе ауылдық округі  Қоңыртөбе  ауылдық кітапханасы «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты библиопостын жасады. Көкбастау ауылдық округі  Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ерлікке тағзым ету — ұрпаққа парыз» атты онлайн бейнетүсірілім түсірді.

Жетітөбе ауылдық округі,  Кәріқорған  ауылдық кітапханасы мен Көкбастау ауылдық округі  Көктөбе ауылдық кітапханасы «Ер мен елдің Жеңісі», «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты тақырыптарда библиопост жасады. Боралдай ауылдық округі, Рысбек батыр ауылдық «Рухым – ұраным, ұлтым — жыр-әнім», Жетітөбе ауылдық округі мен  Шыңбұлақ  ауылдық кітапханасы «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран», Мыңбұлақ ауылдық округі,  Талапты  ауылдық кітапханасы «7 мамыр – Отан қорғаушы күні» атты онлайн оқулар өткізді. Билікөл ауылдық округі,  Қарабастау

ауылдық кітапханасы 7 мамыр – Отан қорғаушы күні онлайн кітап көрмесін дайындады.

Сонымен қатар,  Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске – 75 жыл!» атты аудандық онлайн байқау ұйымдастырылуда.

Ерлік пен еңбек ешқашан ұмытылмайды.  Ұлы Жеңісті жақындатуға аянбай тер төккен ардагерлерімізді ардақтау, құрметтеу — ұрпақ парызы. Осы ретте мереке қарсаңында аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» толуына орай тыл ардагерлері Тұрсын Райымбекова мен Екатерина Александровна Сизованы  арнайы құттықтап, сый-сияпаттар тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.