A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерлікке, еңбекке деген құрмет деп білеміз

201

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекеқарсаңында«Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, қуанышымызды еселей түсті. Бұл жаңалықты ардагерлер қауымы асыға күткен болатын. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай қабылданған заңды оларға көрсеткен құрмет деп білеміз.
Оның ішінде ұлы Отан соғысының ардагерімен теңестірілгендер, еңбек ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері бар. Оларға мемлекет тарапынан өздерінің санаттары бойынша көмек көрсетілетіндігі ардагерлер көрсетілген құрмет деп білеміз.
Заңда ардагерлердің мәртебесі белгіленіп, оларды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ізін жалғап келе жатқан өзге ардагерлер бізге нағыз патриоттың, ерліктің, қайсарлықтың көрінісін көрсеткен болатын. Ендігі кезекте оларға осындай Заң аясында мәртебелері айқындалып, көмек көрсетілетіне бізді қуантады. Себебі, қарттарды сыйлау, ардақтау, оларға көмек қолын созу біздің адамдық борышымыз.
Еліміздегі ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері сұрапыл соғыстағы жеңіске өздерінің үлкен үлесін қосты. Бұл ешқашан ұмытылмауы тиіс. Өйткені осы арқылы біз адамдардың бірлігі неде, бауырластықтың құны қандай, ерлік деген не екенін және Отанды сүю қалай болатынын білеміз. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен жауынгерлерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы. Бұл Заң бүгінгі күні дәл Жеңістің 75 жылдығына орай қабылдағаны осы ерлікке, еңбекке деген құрмет.

Шорабай ЫСҚАҚОВ,
еңбек ардагері.
Бауыржан Момышұлы ауылы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.