Ерке Есмахан өзінен көмек сұраған мұқтаж әжейге көмектесті. Ол жағдайын айтып, мұңын жеткізген қарияға 10 мың теңге аударды. Әсерлі сәтті видеоға актриса Гүлназ Жоланова түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейуана күйеуінің науқас, ал оның еміне қажетті дәрі-дәрмек алуға ақшасы жоқ екенін айтқан. Ерке оған телефон қосымшасы арқылы 10 мың теңге аударды. Ерекше сәтті Гүлназ Жоланова видеоға түсіріп алған. Әнші жария садақа ретінде бұл ісін көпшілікке көрсетуді құп көргенін айтты.
Көпшілік Есмаханның әрекетіне риза болды.
«Ниет қабыл болсын», «Жарайсың, Ерке», «Алланың нұры жаусын», – деп жазды оқырмандар.