A place where you need to follow for what happening in world cup

Еріктілердің қоғам өміріндегі орны айрықша

292

Президент пәрменімен жарияланған Волонтер жылы еріктілер қызметінің сан қырын ашып, олардың қоғам өміріндегі маңызын, қажеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Еріктілер – қоғамның қозғаушы күші» атты онлайн республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында дәл осы мәселелер күн тәртібіне қойылды.

 

Онлайн форматта ұйымдастырылған конференция жұмысына жамбылдықтармен бірге Қызылорда, Түркістан, Ақмола облысының еріктілері де қатысты. Еліміздің әр аймағындағы еріктілерді және еріктілермен жұмыс жүргізетін мамандарды тартып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген жиында еріктілер қозғалысының өзекті мәселелері көтеріліп, оларды шешу бағытындағы идеяларын ортаға салды.

Қазіргі қоғам үшін еріктілер қызметінің қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Әсіресе әлемдік пандемия салдарынан табысынан айырылып, күнкөрісі қиындаған әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге еріктілер қозғалысы айрықша үлес қосты. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген олардың еңбектері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Респуликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан жоғары бағаланып, Алғыс хаттарымен марапатталуы сөзімізге дәлел бола алады. Сондықтан да еріктілердің еңбек өтілін есепке алу, олардың еріктілік қызметіндегі мерзіміне сай оқу ақысын жеңілдік жасау, шәкіртақыларына үстемақы қосу мәселелері де кезек күттірмей шешуді талап етеді. Оған еріктілікті тек сенбілікке қатысу деп түсінетін қоғамдық көзқарасқа да өзгеріс керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.