A place where you need to follow for what happening in world cup

Еріктілердің қатары артпақ

239

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп бекіткені белгілі. Енді бұған дейін де өз еркімен қоғамға пайдасын тигізіп келген еріктілерге ерекше көңіл бөлініп, оларға деген қолдау да арта түсері сөзсіз.

Алғаш рет 2016 жылы «Еріктілер қызметі туралы» Заң қабылданған болатын. Дәл осы заңда көрсетілгендей еріктілердің қызметіне – жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық көзқарасты қалыптастыру, өзара көмек көрсету және қайырымдылық жасау жатады.

Міне, осы бағыттағы жұмыстарды түсіндіру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шу теміржол колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Басқосуға аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ертай Күншашов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Ермек Жұмағұлов, «Шу қайырымды аналар» қоғамының мүшесі Милана Қожахметова және ауданымыздағы еріктілер қозғалысының жетекшісі Еркін Түлебаев қатысты.

Жиын барысында ерікті жастардың қатарын көбейту, волонтерлықпен айналысқысы келетін жастарға қолдау көрсету шаралары сөз болып, студент жастарға кеңінен түсіндірілді. Айта кету керек, ауданымыздағы ерікті жастардың атқарған ерен еңбегіне қызығушылық танытқан бірқатар студенттер алдағы уақытта еріктілердің қатарын толықтыруға ниетті екендерін жеткізді. Сонымен қатар, аталмыш оқу орнының студенттері көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ерғали АСХАТҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.