A place where you need to follow for what happening in world cup

Еріктілерден ерлік күтеміз

405

ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №135 Жарлығына сәйкес, 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланды. «Еріктілер қызметіне азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру-маңызды міндет. Бұл — азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі»-деп айқындап өтті.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 10 желтоқсанында өткен, Жастар жылының жабылуы және «Еріктілер жылының» басталуы рәсімінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларын орындау туралы хаттамасына сәйкес, ҚР Әділет министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті-заңгерлерді тарту бойынша жауапты орындаушы болып бекітілген.
Жалпы «Еріктілер» ұғымына тоқталып өтетін болсам, «Ерікті» (волонтер)-латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөзді білдіреді. Қоғамда еріктілердің алатын орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейтін, мұқтаж адамға көмектесуді парыз деп санайтын тұлғалар. Бір сөзбен айтқанда еріктілер адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ.
Қазақстанда волонтерлік қызмет — жастардың және өзге де әлеуметтік топтардың елдің мәдени, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысуының тиімді тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда волонтерлар ауқымы өсіп келеді және қазір өз бастамасымен волонтерліктің шетелдік тәжірибесін алған көптеген дербес волонтерлік бастамалар мен топтар, сондай-ақ еріктілер жұмыс істейді.
2006 жылдың 25 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен «2006-2011 жылдары Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына» қол қойылған. Тұжырымдама жұмысы халықты волонтерлік әлеуметтік — белсенді қызметке тартуды көздейтін ҮЕҰ-ды қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдардың әртүрлі түрлерін ашу арқылы азаматтық қоғамды ұйымдастыру мен қалыптастыруды қолдайды.
Ерікті сөзінің тағы бір түсінігі ол — қайырымдылық, қол ұшын созу. Табалдырығынан аттағанды құдайы қонақ деп қабылдайтын, асарлатып текемет басатын, үй тұрғызатын — қазақтың қанына сіңген қасиеттер.
Еріктілер жылында әрбір азамат ең бірінші — өзіне, одан кейін қоғамға көмек беруі керек. Елімізде бүгінде көбінесе еріктілер санын жастар буыны толықтыруда.

Шу ауданаралық әділет басқармасы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.