A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерекше режимдегі мекеме қызметкерлері алғысқа бөленді

138

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен жақындарына ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге рұқсат берілді. Осыған орай, түзеу мекемелерінде дайындық шаралары жүргізіліп жатыр.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші жақындарымен кездесуге мүмкіндік алған жақындары өз алғыстарын білдіруде. Олар көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесіне орай осындай мүмкіндікке ие болғанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, ризашылықтарын жеткізді. Мекемеде жазасын өтеуші жұбайымен кездесуді асыға күткен З.Супиева есімді азаматша ақжарма тілегін ақ қағазға түсіріп, ҚАЖ комитетіне, облыстық департамент басшылығына сондай-ақ ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлеріне рахметін айтқан.

Азаматша хатында ерекше режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындайтынын, жаза басып темір торға тоғытылғандардың туыстарына сыпайылық танытып, көмектесуге дайын тұратындығын атап өткен.

Мөлдір ӘБЕУОВА,
ЖД-158/7 мекемесінің БАҚ-қа жауапты қызметкері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.